Тарихшы: Жолдаудан прагматикалық идеологияны көруге болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тарихшы: Жолдаудан прагматикалық идеологияны көруге болады

05.09.2024

Президент Жолдауынан прагматикалық идеологияны көруге болады. Бұл туралы Президенттік орталықта өткен дөңгелек үстелде айтылды. Депутаттар мен сарапшылар қатысқан жиында әлеуметтік-саяси және экономикалық дамудың өзекті мәселелері көрсетілген басты саяси құжаттың негізгі ережелері талқыланды. Айтылған ұсыныстар мен пікірлердің электронды жинағы дайындалып, әрі қарай жұмыс істеу үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберілмек.

Нұрбек Пұсырманов, Мемлекет тарихы институтының директоры:

Президенттің Жолдауларының барлығы хронологиялық тұрғыдан қарасақ 2019-2029 жылдардың аралығын қамтиды. Яғни ол басында Парламентте айтуының өзі Парламенттің жұмысына дипломатиялық ризашылық емес, бұл мүмкіндігінше өзінің көңілі толғанын атап өтті. Тапсырмалардың орындалуына қарап отырсақ, бұл жерде ұзақ мерзімді тапсырмалар бірі-бірі жалғастырып келеді.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу