Мерсин облысында әлемдегі ең үлкен АЭС салынып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мерсин облысында әлемдегі ең үлкен АЭС салынып жатыр

28.08.2024

Түркияның Мерсин облысында әлемдегі ең үлкен Атом электр станциясы салынып жатыр. «Аккую» станциясының негізгі мердігері Ресейдің Росатом компаниясы. 2018 жылы құрылысы басталған нысанның алғашқы реакторы келесі жылы іске қосылуы тиіс. Жалпы АЭС-те әрқайсысы 1200 мегаватт қуат өндіретін 4 реактор болады. Олар 2028 жылы толық қуатында жұмыс істей бастамақ. Түркия энергияны ең көп тұтынатын елдер қатарында. Жылына 60-70 млрд доллардың энергиясын пайдаланады. Алайда оның басым бөлігін шетелден экспорттайды. Сондықтан Атом электр станциясын салу арқылы елдің шетелдік энергияға тәуелділігін азайтпақ. «Аккую» станциясы іске қосылғанда елдің тұтынатын электр энергиясының 10 пайызын өндіреді. Мамандар АЭС таза әрі арзан энергия алудың ең тиімді жолы екенін айтады.

Оғызхан Акиенер, Түркияның энергетикалық стратегияcы мен саясатын зерттеу орталығының басшысы:

Бүгінгідей жаһандық жылыну заманында атом энергиясының маңызы өте зор. АЭС салынуына қомақты қаражат талап еткенімен, ол өндіретін энергияның басқа станцияларға қарағанда арзан әрі зиянсыз болуы оның бағасын арттырады. АЭС салуды жоспарлап отырған Қазақстан халықаралық ұйымдармен осы бағытта тиімді келісімдер жасайды деп сенемін. Сондай-ақ, Түркияның атом электр станциясын салу жолындағы тәжірибесін де пайдалана алады.

Айдос Әшім


Хабарламаларға жазылу