Зейнетақы қорына жинақталған қаржыға тіс емдеуге болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зейнетақы қорына жинақталған қаржыға тіс емдеуге болады

16.08.2024

Зейнетақы қорына жинақталған қаржыға тіс емдеуге тыйым салынбайды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ержан Нұрлыбаев айтты. Тек ережелері толығады. Қаржыны пайдаланған адам тісін емдеткенін дәлелдеуі тиіс. Бұған дейін қазақстандықтар үшін мұндай мүмкіндік уақытша шектелген еді. Кейін қоғам арасында қызу талқыланып, министрлікке өтініштер көптеп түскен. Денсаулық сақтау министрлігі стоматологтар қауымдастығымен бірлесіп, арнайы тетіктерді әзірледі. Бұл қызмет таяуда тағы іске қосылады.

Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу