АЭС салу экономикалық жағынан тиімді
Атом энергиясы Қазақстанның экономикалық әлеуетін арттырады. Себебі инвесторлар үшін тұрақты қуат көзінің болуы өте маңызды. Бұл туралы Таяу Шығыс техникалық университеті Ғарышты зерттеу және үдеткіш технологиялар орталығының директоры Билге Деміркөз мәлімдеді.
Билге ханымның айтуынша, атом электр станциялары уран таблеткаларымен жұмыс істейді. Көлемі 1 текше сантиметр болмайтын уран отынынан өндірілетін энергия 1 тонна көмірмен немесе 500 текше метр газбен тең. Бұл қоршаған ортаны қара түтінмен ластамауға, әрі үнемдеуге сеп.
Билге Деміркөз, Таяу Шығыс техникалық университеті Ғарышты зерттеу және үдеткіш технологиялар орталығының директоры:
Сондай-ақ атом энергетикасында мамандар дайындау да өте маңызды. Түркия өз студентетрін Ресейдің РосАтом-ында оқытты. Анкара мен Стамбұлдың техникалық университеттерінде ядролық инженерия факультеттері бар. Бір байқағаным, көп қазақстандық шет мемлекеттерде жұмыс істеп жатыр. Оларды елге қайта шақырып, білімі мен тәжірбиесін осы саланы дамытуға пайдалануға болады деп ойлаймын.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
БҚО-да 59 мыңнан астам кәсіпкер еңбек етеді
11.09.2025, 20:28

Экономиканы әртараптандыру: Өңдеу өнеркәсібіне инвестиция тартылады
11.09.2025, 20:26
Биыл еліміздің мектептерінде ЖИ-ді үйрету бойынша қосымша сабақтар енгізілді
11.09.2025, 20:25
Өскеменде оқу бағдарламасы толық цифрлы жүйеге көшті
11.09.2025, 20:21
Халық бір палаталы Парламенттің тиімді, үнемді болатынына үмітті
11.09.2025, 20:21
Алматыға жарты жылда млн-нан аса турист келген
11.09.2025, 20:19
Маңғыстауда туризм саласында 2029 жылға дейін 19 жоба жүзеге асырылмақ
11.09.2025, 20:19
«Qazaq Digital Mektebi» жобасы білім сапасын арттырады
11.09.2025, 20:17