Бишімбаевтың үкімін жеңілдету үшін 100 млн теңге алған әйелге қатысты тергеу аяқталды
«Бишімбаевқа қатысты сот үкімін жеңілдетіп беремін» деп 100 миллион теңге пара сұраған елордалық тұрғынға қатысты тергеу аяқталды. Антикор қызметі еліміздегі бірқатар жемқорлық фактілерін әшкереледі. Әр салада бір жемқор бар.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік жеке-жеке талдау жүргізіп, әр саладағы бірқатар былықты анықтады. Жемқорлық әсіресе, жол саласында белең алған. Соңғы 3,5 жылда 65 факті тіркелді. Оның басым бөлігі сметалық құжаттарға бөлінетін қаржыны артығымен көрсеткен. Мұндай жағдай 15 өңірде байқалды. Қазір әр іс бойынша тергеу жүріп, кінәлілер анықталып жатыр.
Ал білім саласында соңғы 1,5 жылдың өзінде 247 қылмыс тіркелген. Шығын 15,5 млрд теңгеден асады. Ақша жымқыру жағдайлары әсіресе, Жетісу, Түркістан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе облыстары мен Алматы қаласында көп. Бүгінге дейін 86 бухгалтер, 17 мектепке дейінгі мекеме басшысы, 13 мектеп және колледж директоры, 4 білім бөлімінің басшысы сотталды. Тағы 300-ге жуық адам тергеліп жатыр.
Спорт саласында да былық жетерлік. Мәселен, «Ақжайық» футбол клубының экс-директоры жақында ғана ұсталды. Ол ArtSport бағдарламасына бөлген 57 млн теңгені жымқырды деп күдіктеліп отыр.
Ал «Жекпе-жек» федерациясының президенті спортқа мүлде қатысы жоқ адамдарға «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» және «Еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атақтарын беруге өтінім берген. Оның кінәсі дәлелденіп, 3 миллион 692 мың теңге айыппұл салынды.
Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі өз қызметін асыра пайдаланғаны үшін 5 жылға сотталды. Ол арнайы техниканы тартып, әскерилерге өзінің жеке үйін салдыртқан. Енді экс вице-министр генерал-майор әскери атағынан айырылады. Өмір бойына мемлекеттік қызметте істей алмайды.
Бұдан бөлек, Қуандық Бишімбаевтың туыстарын алдаған елорда тұрғынына қатысты тергеу аяқталды. Күдікті экс-министрдің үкімін жеңілдетуге ықпалымды тигіземін деп алдап, өз қызметі үшін 100 млн теңге пара сұраған. Қазір сол сот санкциясымен қамауда отыр.
Жалпы биыл жарты жыл ішінде осыған ұқсас алаяқтық фактісі бойынша 159 қылмыстық іс тіркелді. Олар лауазымды тұлғаларға пара бермек болған немесе арнайы сыйақы үшін түрлі қызмет ұсынған.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
БҚО-да 59 мыңнан астам кәсіпкер еңбек етеді
11.09.2025, 20:28

Экономиканы әртараптандыру: Өңдеу өнеркәсібіне инвестиция тартылады
11.09.2025, 20:26
Биыл еліміздің мектептерінде ЖИ-ді үйрету бойынша қосымша сабақтар енгізілді
11.09.2025, 20:25
Өскеменде оқу бағдарламасы толық цифрлы жүйеге көшті
11.09.2025, 20:21
Халық бір палаталы Парламенттің тиімді, үнемді болатынына үмітті
11.09.2025, 20:21
Алматыға жарты жылда млн-нан аса турист келген
11.09.2025, 20:19
Маңғыстауда туризм саласында 2029 жылға дейін 19 жоба жүзеге асырылмақ
11.09.2025, 20:19
«Qazaq Digital Mektebi» жобасы білім сапасын арттырады
11.09.2025, 20:17