Бүгін білім гранты иегерлерінің тізімі шықты
Бүгін Ғылым және жоғары білім министрлігі мемлекеттік грант иегерлерінің тізімін жариялады. Конкурсқа 104 мыңнан астам талапкер құжат тапсырды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға артық.
Аружанның 11 жыл оқыған еңбегі ақталды. Мемлекеттік грантқа көпбалалы отбасы квотасымен өтті. Шымкенттік жастың ендігі оқу сапары Бас қала – Астанада жалғасады.
Бүгін Аружан сияқты мыңдаған баланың бағы жанды. Өз есімін тізімнен іздеп тапқандар ұшарға қанат таппай қуанып қалды.Грантдың басым бөлігі инженерлік және техникалық бағыттарға бөлінген. Десе де Аяулым, тіл саласын тереңірек зерттеп, ұстаз болуды көздейді. Көкшетаудағы жоо-на жолдама алды.
Тағы бір айта кетерлігі, биыл жоғары оқу орындарына құжат тапсыру 25 тамызға дейін созылды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен алғаш рет ішінара оқу ақысы бар сараланған гранттар енгізілді.
«Серпін» бағдарламасы арқылы да оқуға түсушілерге 3 903 грант бөлінген. Мамандар, тізімнен аты-жөнін таппаған түлектер, әкім гранттары мен Қазақстан халқына қоры ұсынған жолдамаларға ие бола алады деп отыр.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сталкинг туралы жаңа заң күшіне енді
16.09.2025, 20:17

Заң мен Тәртіп болса, қоғамға жат кез келген әрекетке төзбеушілік пайда болады
16.09.2025, 20:15
Жамбыл облысында балалардың құқын қорғау басқармасы ашылады
16.09.2025, 20:14
Израиль Газа қаласын басып алу операциясын жүргізіп жатыр
16.09.2025, 20:12
Мемлекет басшысы Шахмат үйіне барды
16.09.2025, 20:08
Ұлттық волонтерлік желі арқылы 6 мыңдай ерікті оқудан өткен
16.09.2025, 20:07
Рени Хаттар: Дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі әлемдік аренада үлкен беделге ие
16.09.2025, 20:05
Сенат төрағасы: Жанжалдар бейбіт әрі дипломатиялық жолмен шешілуі тиіс
16.09.2025, 20:03