«Таза Қазақстан» акциясы аясында Қостанайда тазалық жұмыстары жүргізілді
Қостанай қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің 80 пайызы үлгілі санатына жатады. Бұл бірінші кезекте тұрғындардың жауапкершілігінің көрінісі. Дені мүлік иелері бірлестігін құрған. Осы бірлестіктің ортақ шотына төлем жасап, сол қаржыға жөндеу жүргізеді. Ауланы абаттандыру, тазалау, безендіру жұмыстарын тұрғындар өздері атқарады. Ал есік алдындағы гүлмен көмкерілген алаңқайлар – алдыңғы буынның еңбегі.
Любовь Беляева, қала тұрғыны:
10 жылдан бері гүл өсіріп, ауланы абаттандырумен айналысып келеміз. 7 жыл бұрын зейнетке шыққасын бұл жұмысқа бөлетін уақытымыз көбейді. Балаларды да осыған үйретеміз. Тұрған жерін таза ұстау – әр адамның міндеті.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында қала әкімдігінің өкілдері осындай үлгілі аулаларды көпшілікке таныстырды Қостанайда 500-ге жуық аула бар. 233 спорт алаңқайы салынған. Оның 74-і балалардікі. Сонымен қатар балаларға арналған жүзге тарта ойын алаңы бар.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстауда ветеринарларға жаңа көліктер берілді
06.09.2025, 18:36

Ертең футбол: Бельгия-Қазақстан
06.09.2025, 18:33
Пара хоккейден Әлем чемпионаты басталды
06.09.2025, 18:30
Әлемдік рекорд жаңартылмақ
06.09.2025, 18:19
Маңғыстауда теңіз аквашаруашылық жобасы іске қосылды
06.09.2025, 18:15
Ташкентте Орал Таңсықбаев туындыларының көрмесі ашылды
06.09.2025, 18:10
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне 60-қа жуық елден делегация келеді
06.09.2025, 18:02
Қордай ауданында ҚХА құрылды
06.09.2025, 17:58