Жалдамалы пәтерде тұрып жатқан 2 мыңға жуық шымкенттік отбасы Үкіметтен баспананы жекешелендіріп беруді сұрайды. Алайда оған заң қайшы. Сондықтан олар сенатор Нұрлан Бекназаровпен кездесіп мәселесін жеткізді. Әлеуметтік жағынан осал топтарды баспанамен қамтитын жоба 2019 жылы басталған. Ол бойынша мемлекет меншігіндегі пәтерлерді 5 жылға жалдап тұруға рұқсат берілген. Одан кейін босатып беруі тиіс. Бағдарламаның кемшің тұсы - осы. Баспаналы болғандардың барлығы осы мерзім ішінде тұрғын үй кезегінен шығып қалған. Енді не пәтер жоқ, не үй алу үшін өзге бағдарламаларға қатыса алмайды. Тұрғындар сол себепті жалдап жатқан қазіргі пәтерлерін қалдық құнымен ипотекалық несие арқылы жекешелендіруге рұқсат беруді сұрап отыр. Бұл ұсынысты қала әкімдігі де қолдады.
Нұрлан Бекназаров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Шешілу мәселесі орталық органдармен байланысты. Оның ішінде екі министрілік. Солармен Үкімет тарапына түсіндіріп айтып, ережелеріне немесе бұйрықтарына өзгеріс енгізу арқылы шешуге тырысамыз.
Ғани Қалмаханов