Алматыда пластикалық операция жасатқан әйел клиникада көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда пластикалық операция жасатқан әйел клиникада көз жұмды

11.07.2024

Алматыда пластикалық операция жасатқан келіншек жеке клиникада көз жұмды. Туыстары 25 жыл ұстаздық еткен Құралай Батырханованың өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр. Олардың сөзінше, клиниканың дәрігерлері әлеуметтік желіде жарнамасын жасап, әлі де жұмысын жалғастырып жатыр. Олар 5 шілде күні қарын майын алдыру операциясын жасаған соң, көз жұмған Құралайдың қазасын айтпай, кешке дейін жасырған. Әрі денені мәйітханаға беріп жіберген деп отыр. Дәрігерлер отаны көрсетілген мекен жайда емес, басқа орталықта жасапты. Операцияны клиниканың негізін қалаушы дәрігердің өзі жасаған. Отадан кейін 47 жастағы әйел туыстарына жағдайының нашарлап тұрғанын айтып хабарласқан. Аталған жағдайға қатысты іс қозғалды. Тергеуді Алматы қаласы Бостандық ауданының полиция басқармасы жүргізіп жатыр.

Гүлнәр Батырхан, марқұмның сіңлісі:

Біз туысқандары әділдікті қалаймыз. Біз обширный инфаркт дегенге келіспейміз. Өйткені, ол кісі өте денсаулығына сақ, бұдан бұрын ешқандай ауруы болмаған. Бұдан бұрын, бұл кісі бұл «Amira» клиникасымен маусымның ортасынан бастап байланыста болған. Уатсаппен хабарласып, дәрігерлердің консультациясында болған. Бүкіл анализін өткізген.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу