Алматыда «Yandex Qazaqstan Day» фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Yandex Qazaqstan Day» фестивалі өтті

28.06.2024

Алматыда алғаш рет өткен Yandex Qazaqstan Day фестивалі өтті. Аталған шараға жаңа технологияны жасаушылар мен Яндекс Қазақстан сервисін пайдаланушы екі жарым мың адам қатысты.

Алисамен ақылды үй, нейро өнер сервисі, жеткізуші роботтың мүмкіндіктері, самокатты қауіпсіз жүргізу мектебі. Осындай жасанды интелектке негізделген тың дүниелер интерактивті аймаққа қойылған. Әсіресе, «аударма сиқыры» технологиясы келушілерді өзіне елітті. Платформа интернеттегі бейнероликті үш тілге еркін аударады.

Салтанат Болатбекова, «Яндекс іздеу» менеджері:

Яндекс браузерден кез келген видеоны ашып, ол орыс тілінде болсын, ағылшын тілінде болсын ашық аудару батырмасын басса, бірнеше секундттан кейін қазақ тіліне шығарады. Сондықтан біз білімге арналған лекциялар, фильмдерді көріп, үйрене аламыз қазақ тілінде. Текст жағына келетін болсақ, көктем кезінде біздің әріптестеріміз 15 млн ақпарат, мақалаларды ағылшын тілінен қазақ тіліне аударып шықты.

Нейро сервис те қос тілде де еркін. Кез келген сұраққа қазақ және орыс тілінде толыққанды жауап береді, ақпарат көзіне сілтеме жасайды. Тіпті, интернетке бір сағат бұрын жарияланған мағлұматты небәрі бірер секундта қазақ тіліне аударады. Нейро жүйесі yandex.kz сайтында қол жетімді.

Даниил Шулейко, жаһандық Yandex компаниясының бас директоры:

Біз қызметтерімізді қазақ тіліне аудардық. Себебі, қазақ тілінде іздеу саны өсіп жатыр. Әсіресе, қолданушылар білім жөнінде іздейді. Менің ойымша, бірнеше буыннан кейін біз көбінде қазақ тілді интернет қауымды тәрбиелеп шығарамыз.

Сондай-ақ Компаниясы Яндекс Тағам пайдаланушыларына тапсырыс жеткізуші роботтар жасамақ. Мұндай роботтар жолдағы кедергілерді анықтап, айналып өтіп, екі шақырымға дейін өздігінен жүре алады. Олар қала тұрғындарына кедергі келтірмейді, дыбыссыз, ауаға зиянды шығарындылар шығармайды және көлікпен салыстырғанда әлдеқайда ықшам.

Айдана Қуантхан


Хабарламаларға жазылу