Парламент депутаттары каникулға кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парламент депутаттары каникулға кетті

28.06.2024

Парламент депутаттары демалысқа кетті. Бүгін сегізінші шақырылымның екінші сессиясын қорытындылауға арналған қос палатаның бірлескен отырысы өтті. Мәжіліс төрағасының дерегінше, Парламент осы сессияда 102 заң жобасын қабылдады. Палаталардың 5 бірлескен отырысы, Мәжілістің 39, Сенаттың 43 отырысы өтті. Бірқатар заң жобасын әзірлеуде Парламент ел үкіметімен бірлесе жұмыс істеді, - деді Ерлан Қошанов.

Сонымен бірге, Президент жариялаған заң мен тәртіп үстемдігі қағидаты өткен заң шығару маусымындағы басты бағдар болғанын, қоғамның сапалы заңдар қабылдауға деген сұранысын арттыра түскенін атап өтті. Парламенттік каникул 1 қыркүйекке дейін жалғасады.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

Өткен сессия «Мықты Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласының тиімділігін іс жүзінде дәлелдеді. Билік тармақтарының тепе-теңдігін қамтамасыз ететін бұл жүйе пәрменді шешімдер қабылдауға мүмкіндік туғызды. Осының бәрі елімізді одан әрі дамытуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу