Америкалық екі астронавт Жерге орала алмай жатыр. Оларды «Боинг» компаниясы «СтарЛайнер» кемесін сынау мақсатында орбиталық станцияға маусымның 5-де жіберген. «СтарЛайнер» содан бері екі рет қайтуға әрекет жасады.
Бірақ оның моторынан ақау шыққан. НАСА өкілдерінің сөзінше, ғарышкерлердің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Олар Жерге «Спэйс Икс» компаниясының кемесімен қайтарылуы ықтимал. Дегенмен, мұндай жағдайда «Боингтың» беделіне үлкен нұқсан келуі мүмкін.
Арыстан Рысбек