Жезқазған маңына үш ғарышкер қонды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жезқазған маңына үш ғарышкер қонды

02.03.2016
Жезқазған маңына үш ғарышкер қонды
Олар – америкалық астронавт Скотт Келли, ресейлік космонавтар – Михаил Корниенко мен Сергей Волковтар.

Бүгін Астана уақытымен таңғы сағат 10-нан 26 минут кеткенде Жезқазған маңына үш ғарышкер қонды. Олар – америкалық астронавт Скотт Келли, ресейлік космонавтар – Михаил Корниенко мен Сергей Волковтар.

Келли мен Корниенко орбиталық станцияда 340 күн болды. Яғни, олар халықаралық бекетте бұрынғы экипаж мүшелерінен екі есе тұрақтап, жаңа ғасырдың рекордын жаңартып отыр.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу