«Союз» кемесі сәтті қонды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Союз» кемесі сәтті қонды

11.03.2014
«Союз»  кемесі сәтті қонды
«Союз» кемесінің капсуласы Жезқазған маңына ойдағыдай қонды. Онымен ресейлік ғарышкерлер Олег Котов пен Сергей Рязанский және америкалық астронавт Майкл Хопкинс Жерге аман-есен оралды. 
Халықаралық ғарыш станциясында 166 күн болған экипаж мүшелері өздеріне жүктелген миссияны ойдағыдай орындаған. 
 
Ғарышкерлер 35 ғылыми тәжірибе өткізіп, бірнеше мәрте ашық кеңістікке шықты. Сонымен қатар, экспедиция барысында ресейлік ғарышкерлер тұңғыш рет Олимпиада алауын ғарышқа шығарды.
 
 
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу