Үш ғарышкер Жезқазған маңына қонды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үш ғарышкер Жезқазған маңына қонды

03.10.2019

Бүгін қазақ даласына үш ғарышкер аман-есен қонды. НАСА-ның хабарлауынша, Союз кемесінің капсуласы Жезқазғаннан оңтүстік-шығысқа қарай жергілікті уақытпен түскі сағат 3-тен 59 минут өткенде табан тіреді. Бұл экипаж орбиталық бекеттен бүгін таңертең бөлініп, жерге аттанған. Оның құрамында америкалық астронавт Ник Хейг, ресейлік ғарышкер Алексей Овчинин және Бірікке Араб Әмірліктерінің бірінші ғарышкері Хаззаа әл-Мансури бар. Олар қонғаннан кейін қысқаша медициналық тексеруден өтті.

Арыстан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу