Бүгін Байқоңырдан екі ғарышкер орбиталық станцияға аттанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Байқоңырдан екі ғарышкер орбиталық станцияға аттанды

20.04.2017

Бүгін Байқоңырдан Халықаралық ғарыш станциясына әдеттегідей үш емес, екі адам ұшты. Олар – америкалық астронавт Джек Фишер мен ресейлік космонавт Федор Юрчихин. Бұл экипажды орбиталық бекетке «Союз» кемесі 6 сағатта жеткізуі керек. Ал, кеме бортындағы үшінші орынға 70 келі жүк тиелді.

Құны 100 миллиард долларлық Халықаралық ғарыш станциясы Жерден 400 шақырым биіктікте орналасқан. Оған бесінші рет аттанған Фишер мен Юрчихин дүйсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамппен сөйлеседі деген болжам бар. 

Жоспар бойынша, қос ғарышкер қыркүйекте Жерге оралуы тиіс.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу