Жасөспірімдер арасындағы буллингпен күрес мақсатында, жаңа оқу жылынан бастап мектептерде арнайы бағдарлама мен қауіпсіздік сабақтары енгізіледі. Бұл туралы Президент қабылдауында болған Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева айтты. Жаңа заң аясында «111» бірыңғай байланыс жүйесі іске қосылды.
Сондай-ақ мектептерде буллингпен күресу үшін КiVa бағдарламасы және биыл қыркүйек айынан бастап оқушыларға қауіпсіздік сабақтары енгізіледі. Балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері үшін арнайы оқу курсы басталады. Қорғаншылық және қамқоршылық органдарын күшейту мәселесі пысықталып жатыр. Бұдан бөлек, «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан халқына» және «Қамқорлық» қорларымен серіктестік негізде, 6 аутизм орталығы мен 11 өңірлік оңалту орталығы ашылды. Президент балалар мен жөспірімдер арасында суицидке итермелейтін жағдайлардың белең алуына жол бермеу үшін/ кешенді шаралар қабылдау қажет екенін айтты.
Динара Зәкиева, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл:
111 сенім телефонының ашылуымен айналыстық. 10 айдың ішінде 13 мың өтініш бойынша жұмыс істедік. Сондай-ақ Мемлекет басшысына ауылда тұратын балаларға арналған инфрақұрылымды дамыту бойынша сонымен қатар жетім балалардың үй мәселесіне қатысты ұсыныстарымды жеткіздім.
Шерхан Жамбылұлы