Жылдың алғашқы 5 айында Қазақстанда 8 мыңнан аса жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 800-ге жуық адам қаза тапқан. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда, 86%-ға жоғары, - дейді Ішкі істер министрлігінің өкілдері. Апат салдарынан 10 мыңнан аса жолаушы зардап шеккен. Оның көбі – Алматы қаласынан. Қазір, қалада электрлі самокат жүргізушілеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мақсат- заң бұзушылықтың алдын-алу. Себебі, қазір мегаполисте электрлі самокаттардың саны жыл сайын артып келеді.
Болатбек Баятанов, қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары:
Олардың санымен бірге жол-көлік оқиғаларының саны өсіп келе жатыр. Мысалы, 2023 жылы Алматы қаласында 617 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 19 адам осы мопед және самокат жүргізушілері қаза тапты.
Еске салайын, былтыр елімізде «Жол қозғалысы туралы» заңға өзгеріс енгізілді. Талапқа сәйкес, самокат жүргізушілері 18 жасқа толған болуы қажет. Қауіпсіздік бас киімі және жарықты қайтаратын арнайы кеудеше киюі де міндетті, - дейді тәртіп сақшылары. Ережені елемегендерге айыппұл салынады. Сондай-ақ, электрлі самокаттарды жалға беруші компания өкілдері, арнайы жүйені іске қоспақ. Яғни, жылдамдықты шамадан тыс асырса, самокат өшіп қалады.