Отандық Hyundai автокөліктеріне сұраныс жоғары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық Hyundai автокөліктеріне сұраныс жоғары

11.06.2024

«Қазақстан Автокөлік Одағының» мәліметінше, Hyundai автокөлігі төртінші ай қатарынан тұрғындар арасында ең танымал бренд қатарында. Алматылық бір топ отбасы осы темір тұлпарлар шығарылатын зауытқа барып, өндірісті көріп қайтты.

Жыл басынан бері сатылған темір тұлпардың 60% елімізде шығарылған, - дейді «Қазақстанның Автокөлік Одағының» өкілдері. Олардың арасында Hyundai (хёндэ) Trans Kazakhstan зауытынан шыққан көліктер үлкен сұранысқа ие. Кәсіпорын жұмысымен танысып, темір тұлпарлардың қалай шығарылатынын көргісі келетіндер көп. Оларға есігіміз әрқашан ашық, - дейді компания өкілдері.

Ләззат Әлжанова, Astana Group коммуникациялар жөніндегі директоры:

Бүгін біздің экскурсияға 25-30 кісі балалар қатысты. Экскурсия біз жиі өткіземіз мына жақта. Сварка, сосын қалай бояйды машиналарды, катафорезная ванна көрді бәрін. Өте ұнады балаларға. Тағы да келеміз деп жатыр бізге.

Hyundai Trans Kazakhstan – өндірістік қуаты жылына 50 мың автокөлікке дейін шығара алатын толық циклді зауыт. «Астана Моторс» компаниясының құрамына кіреді. 4 жылға жуық уақытта мұнда 11 Hyundai моделінің өндірісі игерілді. Өндірісті бастан-аяқ көріп шыққан қонақтар заманауи кәсіпорын жұмысына бағасын берді.

Қуат Домбай, қала тұрғыны:

Мен осындай өндірісті 30 жылдың ішінде көрмеппін. Бәріміз ойлаймыз совет заманынан қалған зауыттар, тек қана шикізатты өндіреміз деп. Мың адам осында жұмыс істегендерін біз бағалауымыз керек деп ойлаймын. Бағаласақ, сонда ғана біздің экономикамыз, халқымыз гүлдене береді.

Осы жылдың алғашқы тоқсанында зауытта 10 мыңға жуық көлік шығарылды. Кәсіпорынның жалпы ауданы – 38 мың шаршы метр. 1300-ге жуық адам жұмыс істейді. Сондай-ақ, Hyundai қазір Trans Kazakhstan зауытының жанынан технопарк салынып жатыр. Онда келер жылдан бастап көліктің орындықтары, мультимедиялық және пластикпен резеңкеден жасалған жабдықтары шығарылады.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу