Солтүстік Қазақстанда 4 адамның өліміне қатысты сот үкімі шықты
Солтүстік Қазақстан облысында шошқа фермасында тіркелген 4 адамның өліміне қатысты сот үкімі шықты. Қайғылы оқиға былтыр Тайынша ауданының Новоивановка ауылында болған. «ЕМС Agro» серіктестігінің жұмысшылары кәріз сорғысын жөндеу үшін бірінен соң бірі құдыққа түскен. Содан сыртқа шыға алмаған. Сараптама қорытындысы бойынша олардың метан және күкірт сутегіден уланғаны белгілі болды. Осы оқиғаға қатысты 2 күдікті жауапқа тартылды. Олардың бірі сорғы станциясының бастығы, екіншісі қауіпсіздік қызметінің жетекшісі. Дәлел жеткіліксіз болғандықтан сот екеуін де ақтады.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда туризм саласындағы әйелдердің рөлі талқыланды
22.10.2025, 17:35

Көкшетау ұлттық табиғи паркінде соңғы 5 жылда бірде-бір өрт тіркелмеген
22.10.2025, 17:32
«Таза Қазақстан»: Шортанды кентінде 80 түп көшет екті
22.10.2025, 17:30
Талдықорғанда жаңа демалыс алаңы ел игілігіне берілді
22.10.2025, 17:28
Астаналық оқушылар «Атамекен» әнін орындады
22.10.2025, 17:23
Еліміздегі ғалымдардың 47 пайызы жастар
22.10.2025, 17:21
Ұлытау облысында «Отбасылық ферма» жобасы бойынша арзан несие берілді
22.10.2025, 17:18
Жамбыл облысында есек қаптап кетті
22.10.2025, 17:15