Қазақстан есірткіні ең көп қолданатын 10 елдің қатарында
Енді нашақорлар мәжбүрлі түрде есепке қойылуы мүмкін. Қазір есірткіге қарсы күреске арналған заңға өзгерістер енгізіліп, Парламенттегі комитет отырысында қаралып жатыр. Егер мақұлданса есірткі мен психотроптық заттарды таситындарға жаза жеңілдеп, ал есірткіні дайындайтындар өмір бойына сотталуы мүмкін. .
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:Қазақстан бүгінде есірткі қабылдау жағынан әлемнің алдыңғы 10 елінің қатарына кіреді. Осыған орай есірткіге қарсы күресті күшейті үшін Заңға өзгерістер енгізілмек. Құжатта есірткіге тәуелді азаматтардың келісімінсіз-ақ оларды есепке қою көзделіп отыр. Ішкі істер министрінің бірінше орынбасары Марат Қожаевтың айтуынша, бұл елдегі нашақорлардың санының азаюына сеп болуы мүмкін.
Марат Қожаев, ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары:Біз шетелдік тәжірибеге сүйене отырып, заңға өзгертулер енгізіп жатырмыз. Ресми статистика бойынша елімізде 18 200 есірткіге тәуелді азамат бар. Оның 1500-і әйел, ал 66-сы кәмелет жасына толмаған бала. Нашақорлар көбейген сайын есірткіге сұраныс артады, сондай-ақ олар есірткі таратумен де айналысуы мүмкін. Сондықтан оларды мәжбүрлі түрде есепке қою көзделіп отыр.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:Айта кету керек, бұған дейін есірткіге тәуелділер өздерінің келісімімен ғана есепке қойылатын. Мамандардың сөзінше, бейресми ақпарат бойынша Қазақстандағы нашақорлар саны 200 мыңнан асып жығылады. Заңға енгізілген өзгертулерге сәйкес енді есірткіні сақтаған, сатқандарға қатысты заң қатаңдатылады. Тіпті психотроптық заттарды дайындағандар өмір бойынша бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал тарататындардың жазасы қаралып жатыр.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
ІІМ-нің мәліметінше қазір есірткі таратуға 13 пен 15 жас аралығындағы балалар тартылып жатыр. Естеріңізде болса жыл басында Ақтөбеде есірткі сатқан 9-сынып оқушысы ұсталған еді. Құқық қорғаушылардың сөзінше, қылмыстың бұл түрі мессенджерлер арқылы жүзеге асқандықтан оның жолын кесу қиын. Десе де жыл басынан, есірткі сатқан 1300-ден астам сайт жабылған.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақмола облысында екі жігітті көлік қағып кетті
12.09.2025, 14:00

Инвестиция тартудың жаңа кезеңі басталады
12.09.2025, 10:53
Ақмолалық инспекторлар «Игі істер» акциясы аясында зейнеткерлерге көмектесті
12.09.2025, 10:23
Жетісу облысында жедел жәрдем көліктері табысталды
12.09.2025, 10:21
Мектептерде стоматологиялық кабинеттер ашыла бастады
12.09.2025, 10:20
Абай облысында денсаулық сақтау жобаларына 5,6 миллиард теңге бөлінді
12.09.2025, 10:19
Бір палаталы Парламент құру үшін референдум өткізуді ұсыну – демократияның айқын көрінісі
12.09.2025, 10:15
Албания әлемде алғаш болып министр лауазымына ЖИ-ді тағайындады
12.09.2025, 10:14