Жапонияда экономика 2 пайызға қысқарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда экономика 2 пайызға қысқарды

16.05.2024

Жапонияның валютасы - йен долларға қарағанда құнын жоғалта бастады. Министрлер кабинеті ел экономикасы 2 пайызға қысқарғанын жариялады. Бұған тұтынушылардың белсенділігі мен сыртқы сұраныстың азаюы әсер етті деп отыр. Өйткені ел экономикасының жартысынан көбін құрайтын тұтыну деңгейі 0,7 пайызға төмендеп кеткен. Тұрғындар қымбатшылыққа байланысты ақша үнемдеуге көшкен. Экономикаға жыл басында Ното түбегінде болған зілзала да кері ықпал етті.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу