Елімізде алимент төлемеген 421 борышкердің көлігі арнайы тұраққа қойылды
Елімізде алимент төлемеген 421 борышкердің көлігі арнайы тұраққа қойылды. Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді. Оның айтуынша, Қазақстанда алимент өндіру ісі бойынша 292 мың атқару өндірісі орындалуда. Оның ішінде 12 мыңнан астам проблемалы борышкер бар. Олардың борыш сомасы 14,6 млрд теңге жетеді. Қазіргі таңда 7 882 алимент бойынша борышкерге Қазақстан аумағынан шығуға уақытша шектеу қойылды.
Талғат Уәли, ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі:
Барлық алимент төлемінің жалпы санының 97,1%-ын ер адамдар төлеуде, ал әйелдер 2,9 %-ын құрайды. 2023 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда алимент төлеу бойынша оң динамика байқалады. Кейінгі мәліметтер бойынша, проблемалық өндірістер саны 25 пайызға, ал борышкерлердің жалпы берешегі 31 пайызға азайған.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үздік сантехник Оралда тұрады
05.11.2025, 13:18
Түркістан облысының Абай ауылында жаңа мектеп ашылды
05.11.2025, 13:15
Ақтөбе облысында 42 мың адам жұмысқа кірген
05.11.2025, 13:12
Нью-Йорк қаласының мэрі болып 34 жастағы азамат сайланды
05.11.2025, 13:09
Филиппиндегі тайфуннан 66 адам қаза тапты
05.11.2025, 13:06
Қызылжарда екі күнде 130 адам жарақаттанған
05.11.2025, 13:03
Astana Media Week 2025 апталығы басталды
05.11.2025, 13:00
Қостанайда бірнеше ауылға ауыз су тартылды
05.11.2025, 10:29