Индер ауданына 100-ге жуық сарбаз көмекке келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индер ауданына 100-ге жуық сарбаз көмекке келді

07.05.2024

Атырау облысы Индер ауданында Жайықтан қауіп төніп тұрған екі елдімекенде жауаптылар тасқынға қарсы қамданып жатыр. Өзге аймақтардан келген 100-ге жуық сарбаз күндіз-түні жағдайды бақылауда ұстап отыр. Аймақтағы меншікті тілшіміз Нұрсұлтан Нұрсейіт облыс орталығынан 200 шақырым жердегі осы Индер ауданынан байланысқа шықты. 

Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Қазір БҚО-мен шекаралас Индер ауданының орталығы Индербор кентіндеміз. Түске дейін тасқын қаупі төніп тұрған Жарсуат ауылдық округіне қарасты Құрылыс ауылында болдық. Екі ауылда 12 шақырымнан аса аумақта жаға бекіту жұмыстары толық аяқталған. Бөгет бойына тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, су деңгейі бақыланып отыр. Бұл жұмыстарға Қызылорда мен Тараздан келген 100-ден астам сарбаз бен төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері жұмылдырылған. Су келген жағдайда екі ауылдың тұрғындары Индербор кенті мен Бөдене ауылына көшіріледі. Қазір онда 950 адамға эвакуациялық орын дайын тұр. Аймақтағы жалпы ахуалды Индер ауданының әкімі Дарын Шамұратов айтады. 
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Нөпір суды бірінші қабылдайтын Индерде аталған жұмыстар жалғаса береді. Ал теңіз деңгейінен едәуір төмен орналасқан Махамбет ауданының жайы көпті алаңдатып отыр. 

Нұрсұлтан Нұрсейіт

Хабарламаларға жазылу