Сарапшы: Қоғамның Үкіметке деген сенімі артып келеді
Қоғамның Үкіметке деген сенімі артып келеді. Сондай-ақ, тұрғындардың басым бөлігі дәстүрлі ақпарат құралдарына жүгінуді жөн көріп, месенджерлерге күдікпен қарайды. Бұл туралы республика бойынша арнайы зерттеу жүргізген Алматы Менеджмент университетінің ғалымдары айтып отыр. Мамандардың сөзінше, халықтың Үкіметке деген сенімі 2023 жылдан бері артып келеді. Әлеуметтанушылар мұны 2022 жылы жасалған реформалармен байланыстырады. Респонденттердің басым бөлігі әлеуметтік жағдайға, баға өсуіне, медицина саласындағы олқылықтарға алаңдайтынын көрсеткен. Зерттеулер соңғы үш жылда жүргізілген. Мақсаты – қоғамдағы сенімді анықтау дейді ғалымдар.
Бақытжан Сәркеев, Алматы менеджмент университетінің ғылым жөніндегі проректоры:Азаматтардың жергілікті билік өкілдеріне, мәслихаттарға, сосын саяси партияларға сенімі әлі де төмен. Сосын әлі де сенім деңгейі төмен мынау сот жүйесіне, құқық қорғау жүйесіне. Әрине, сенім ең жоғары ол Президентке, біздің Қарулы күштерге сенімнің деңгейі жоғары.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
БҚО-да 59 мыңнан астам кәсіпкер еңбек етеді
11.09.2025, 20:28

Экономиканы әртараптандыру: Өңдеу өнеркәсібіне инвестиция тартылады
11.09.2025, 20:26
Биыл еліміздің мектептерінде ЖИ-ді үйрету бойынша қосымша сабақтар енгізілді
11.09.2025, 20:25
Өскеменде оқу бағдарламасы толық цифрлы жүйеге көшті
11.09.2025, 20:21
Халық бір палаталы Парламенттің тиімді, үнемді болатынына үмітті
11.09.2025, 20:21
Алматыға жарты жылда млн-нан аса турист келген
11.09.2025, 20:19
Маңғыстауда туризм саласында 2029 жылға дейін 19 жоба жүзеге асырылмақ
11.09.2025, 20:19
«Qazaq Digital Mektebi» жобасы білім сапасын арттырады
11.09.2025, 20:17