Атырау қаласында жаға бекіту жұмыстары аяқталуға жақын
Атырау қаласында жаға бекіту жұмыстары аяқталуға жақын. Жоспарланған 250 шақырым бөгеттің 245-і салынып бітті. Қалған учаскелерде жұмыстарды уақытында бітіру үшін еріктілер мен жауапты мамандар және әскерилер бел жазбай еңбек етіп жатыр. Су деңгейі тәулік сайын көтеріліп келеді. «Сондықтан белбеуді босатуға әлі ерте», - дейді жауапты мекеме өкілдері.
Нұржан Ермұханов, қала әкімінің орынбасары:
Қалған Қайыршақты және Еркінқала округтерінде кейбір жұмыстарды бітіру мәселесі бойынша арнайы техникаларымыз жұмыс істеп жатыр. Жалпы қала бойынша бүгінгі күні 443 техника, ұйымдардан 809 қызметкерлер және 1774 ерікті бүгінгі күні жұмыс жасап жатыр.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем чемпионаты: 6 спортшымыз келесі кезеңге өтті
11.09.2025, 10:21

Таза қала – бәрімізге ортақ жауапкершілік
11.09.2025, 10:20
Жолдау: Жасанды интеллект – жаһандық бәсекенің жаңа алаңы
11.09.2025, 10:18
Қандастар: Атажұрттағы әр жетістікке қуанамыз
11.09.2025, 10:14
Астанада «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында 23 мектеп бой көтерді
11.09.2025, 10:13
«Ауыл» партиясы Президент Жолдауына қолдау білдірді
11.09.2025, 10:11
Цифрландыру – заман талабы
11.09.2025, 10:08
Францияда 200 мың адам қатысқан шеру өтті
11.09.2025, 10:08