Қырғызстанда қайта сел жүруі ықтимал
Ал көрші Қырғызстанда қайта сел жүруі мүмкін. Мұны осы елдің Төтенше жағдайлар министрлігі ескертті. Сәуірдің 20-сынан бастап мұнда бірнеше күн толассыз жаңбыр жауған. Салдарынан өзен суының деңгейі көтерілу қаупі бар. Министрлік су құбырлары мен кәріздерді тазалауды ұсынды. Соңғы мәліметтерге сай, 4 күнде елде 70-ке жуық сел жүрген. 200-ден астам үй мен 300 аула, бірнеше мектеп пен әлеуметтік нысандар су астында қалды. Жолдар мен көпірлерді де лай ағындары басып, қираған. Табиғи апат құрбандары бар. Бірақ әзір нақты саны белгісіз. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауғанстанда зілзаладан кейін мыңдаған адам далада түнеуге мәжбүр
12.09.2025, 19:57

Америкалықтар 11 қыркүйек құрбандарын еске алды
12.09.2025, 19:57
«Respublica» партиясы: Президент Жолдауы бизнестің жол картасына айналуда
12.09.2025, 19:53
Каспий теңізінің тартылуы балықшылардың кәсібіне қиындық келтіруде
12.09.2025, 19:53
Шымкентте жүрек ауруларын зерттейтін жаңа орталық ашылды
12.09.2025, 19:49
Непалда уақытша премьер-министр тағайындалмақ
12.09.2025, 19:49
Редакция алқасы Қазақстан тарихының ІІ томын басып шығаруға әзірлеу үшін бекітті
12.09.2025, 19:48
Шетелдік сарапшылар: Реформалар өз нәтижесін беруі тиіс
12.09.2025, 19:47