Қанат Ислам Түркияда халықаралық кәсіпқой бокс кешін өткізеді
Белгілі боксшы Қанат Ислам Стамбұл қаласында халықаралық кәсіпқой бокс кешін өткізеді. Бұл жаңалықты Түркияда қазақ жастарымен кездескен спортшының өзі айтты. Бұған дейін Қанаттың бастамасымен осындай бокс сайысы Алматыда жоғары деңгейде ұйымдастырылған болатын. Оған 7 елден кәсіпқой боксшы қатысып, екі түрлі тұжырым бойынша белбеулер сарапқа салынған. Ыстанбұлдағы спорт сайысында да бірнеше халықаралық бокс тұжырымының белбеулері ортаға қойылады. Қазақстан сауда және мәдениет орталығында өткен кездесуде Қанат Ислам жастардың сұрақтарына жауап беріп, спорттық мансабы жолындағы қиындықтары мен жетістіктері туралы әңгімеледі.
Қанат Ислам, кәсіпқой боксшы:
Стамбұлға келгендегі мақсатымыз, осы жерде кәсіпқой бокс кешін ұйымдастырсақ деп жоспарлап отырмыз. Осы орталықта болашақта біздің де кеңсеміз ашылады. Әрі қарай осы жерде мүмкін бокс мектептерін ашу, кәсіпқой боксты екі елде де дамыту туралы жоспарларымыз бар. Алдағы уақытта бұйырса кәсіпқой бокстың қай жерде өтетінін білетін боласыздар.
Айдос Әшім
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін «Қайрат» чемпиондар лигасындағы ойынын бастайды
18.09.2025, 17:48

ҚФФ футбол академиясына FIFA мәртебесі берілді
18.09.2025, 17:45
Шымкентте «Таза қала, таза аула, таза үй» тақырыбында ашық сабақтар өтуде
18.09.2025, 17:42
Жетісу облысында «Таза Бейсенбі» экологиялық акциясы өтті
18.09.2025, 17:39
Транзитттік тасымалдың көлемі артады
18.09.2025, 17:36
Семейде тұңғыш рет қала әкімін сайламақшы
18.09.2025, 17:30
Атыраулықтар жем-шөпті көрші облыстан сатып алуға мәжбүр
18.09.2025, 17:27
Ресейде кейбір ірі оқу орындары бірігеді
18.09.2025, 17:24