Оралда 700-ден астам отбасы материалдық көмек алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда 700-ден астам отбасы материалдық көмек алды

17.04.2024

Жайықтағы судың екпіні секундына 3000 текше метрге жетті. Шаған өзенінің де деңгейі көтерілуде. Салдарынан қала маңында орналасқан 3 мыңға жуық үйді су басты. Су кірген участкелердегі тұрғындар эвакуацияланды. Қазір оларға материалдық көмек беріліп жатыр. Бұл туралы тікелей байланысқа шыққалы тұрған тілшіміз Нұрсұлтан Тілектестен сұрасақ. Нұрсұлтан, Эвакуация қалай жүріп жатыр?

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру оңай болмай жатыр. Себебі кейі адамдар үйінде қалған мүлікке алаңдаулы. Өйткені халық арасында суда қалған үйлерге ұрылар түсіп жатыр деген ақпарат тараған. Алайда,облыс прокуроры - Серік Шалабаев жоғалған немесе залал келген мүлік өтелетінін айтып, елді сабырға шақырды.. Ол үшін арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Оның үстіне су басқан аймақтарда қазір 1400-ден астам полицей тәулік бойы кезекшілік атқарып жатыр екен.

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Ресми ақпаратқа сүйенсек, 700-ден астам отбасыға 150 млн теңге материалдық көмек беріліпті. Бүгінге дейін қала маңындағы саяжайлардағы 3000-ға жуық үйді су басқан. Астанадан арнайы келген комиссия бүгінге дейін 1200-ден астам бапананы тексеріп, 124-ін жарамсыз деген қорытынды шығарып. Бұл бағыттағы жұмыс әрі қарай жалғасады. Айта кету керек Жайықтың ағысы күшейгенімен деңгейі түстен бері көтерілген жоқ. Ал, Шаған су қоймасының деңгейі өсіп жатыр. Бүгінге дейін қауіпті участкелерден 13 732 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды.

Хабарламаларға жазылу