Қарағандылық құтқарушы Президент қолынан сыйлық алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандылық құтқарушы Президент қолынан сыйлық алды

17.04.2024

Қарағандылық құтқарушы Президент қолынан сыйлық алды. Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынына қарсы жұмыстарда ерекше көзге түскен Серік Сағаш естелік сыйлықпен марапатталды. Жалпы облыстан жіберілген 144 құтқарушы мен 72 техника су басқан өңірлерде құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бүгінге дейін олар 400-ге жуық адам мен 700-ден астам малды эвакуациялауға көмек берген. Онымен қоса, 34 мың қапшық құм төсеп, 9 мың метрдей су бұру бөгеттерін тұрғызды.

Жандос Бақытұлы


Хабарламаларға жазылу