Президент Солтүстік Қазақстандағы эвакуацияланған тұрғындармен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Солтүстік Қазақстандағы эвакуацияланған тұрғындармен кездесті

16.04.2024

Президент Солтүстік Қазақстан облысының су басқан аумағын тікұшақпен аралап, жағдаймен танысқан соң, эвакуацияланған тұрғындармен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев: алдағы 10 күнде өте қауіпті болатынын ескертіп, апат салдарын жою үшін Үкімет барлық қажетті шараларды қабылдап жатқанын айтты. «Су тасқынынан болған шығынды толықтай өтейміз. Әрбір азамат, әрбір отбасы мемлекет қамқорлығында болады»,-деді. Қазір тасқыннан зардап шеккендерге біржолғы көмек беріліп жатыр.

Ал шығынның көлемін комиссия анықтайтынын жеткізді. Үйі жарамсыз деп танылғандарға жаңа баспана беріледі. Сонымен қатар, зардап шеккен тұрғындардың несиесі мен займдарын төлеу мерзімі шегеріледі, - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Қазір бәріміз өте күрделі кезеңді бастан кешіп жатырмыз. Бұл – жалпыұлттық апат. Дегенмен, бір жағынан алып қарасақ, оң өзгерістер де анық байқалады. Судың беті қайтып келеді. Жақын арадағы 10 күнде өте қауіпті болады деп ойлаймын. Бірақ біз еліміз бойынша апат салдарын жою шараларын қабылдап жатырмыз. Бұған дейін айтқанымдай, Үкімет зардап шеккен азаматтардың барлығына қолдау көрсетеді. Біз су тасқыны салдарынан болған барлық шығынды өтейміз. Әрбір азамат, әрбір отбасы мемлекеттің қамқарлығында болады. Бұл – мен үшін басты міндет

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу