Семейде ағайынды екі жасөспірім жоғалып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде ағайынды екі жасөспірім жоғалып кетті

16.04.2024

Семейде 7 сәуірден бері ағайынды Алтынай мен Абзал Әбішевтер іздестіріліп жатыр. 18 және 16 жастағы колледж студенттерін көрген-білген жан жоқ. Тек олардың сөмкесі қаланың ортасындағы құрылысы аяқталмаған ғимараттың маңынан табылған. Бұдан бөлек олардың тағы бір баламен дүкенде кездескендері бейнебақылауына камерасына түсіп қалған.

Одан өзге ешқандай ақпарат жоқ. Қазір ұшты-күйлі жоғалған колледж студенттерін 300-ден астам адам іздеуде. Тәртіп сақшылары, «Ұлттық ұлан» сарбаздары мен волонтерлер қаланың әр ауданын аралаған. Халық көп жүретін орындар мен компьютерлік клубтарды да тексерді. Сондай-ақ, Ертіс өзенінің жағалауында іздеу жүргізілуде. Бірақ нәтиже болмай тұр.

Қайрат Әбдіғалиев, Семей қаласы полиция басқармасының бастығы:

Балалар жоғалғаннан кейін, ата-аналары 14 сағаттан кейін ғана полицияға жүгінген. Олар өздері оралады деп үміттенген. Қазір іздеудегі жасөспірімдердің фотосуреттерін өзге облыстарға жібердік. Сондай-ақ мессенжерлерге таратылды. Іздеу жалғасып жатыр.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу