Сенаторлар тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заң жобасын қарайды
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заң жобасы Сенат отырысында қаралады. Жалпы отырыс 11 сәуір күні өтеді. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді. Оның сөзінше, қоғамда қызу пікірталас тудырған заң жобасы аясында сенаторлар бірқатар кездесу өткізген. Жүздеген өтініш қаралды. Жаңа құжатқа сәйкес, отбасында жанжал шығарып, әйел-баласын ұрып-соғатындарға жаза күшейтіледі. Бұл істер әкімшіліктен қылмыстық кодекске көшіріліп жатыр. Балалардың қауіпсіздігі мен құқығына ерекше назар аударылады.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Жаңа түзетулер қазіргі таңда қоғамның және БАҚ өкілдерінің назарында екені белгілі. Тұрмыстық зорлық-зомбылық және буллинг мәселелері ел ішінде кеңінен көтеріліп жүр. Сенаторлар мұндай теріс әрекеттерді күресуге, сондай-ақ, заң үстемдігін орнатуға өз үлестерін қосады. Осы заңды бейсенбі күні жалпы отырысқа қараймыз.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Боксшы қызымыз Назым Қызайбай жартылай финалға шықты
12.09.2025, 18:46

Жетісу облысында заңсыз төгілген 146 қоқыс орны анықталды
12.09.2025, 18:44
Отбасы күні қарсаңында 70 жыл отасқан жұптар бас қосты
12.09.2025, 18:42
Мыңдаған отбасы қолдау орталықтарынан көмек алды
12.09.2025, 18:40
Жетісу облысында «Еңбек жолы» байқауы өтуде
12.09.2025, 18:39
Еңбек адамы: Оқушылары озат ұстаз
12.09.2025, 18:37
Алматыда Ассамблея жастарының Халықаралық слеті өтті
12.09.2025, 18:34
Астанада жас дінбасылардың II форумы өтеді
12.09.2025, 18:32