Ақтөбе облысында 753 үй су астында қалды
Ақтөбе облысында 753 үй мен 10 әлеуметтік нысан суға кетті. 6 908 адам қауіпсіз орындарға көшірілді. Бұған дейін аймақтағы 10 өзен тасып, 5 аудан мен Ақтөбе қаласында төтенше жағдай жарияланған еді. Кеше Ойыл ауданының екі ауылының тұрғындары эвакуацияланды. Қазір бізбен осы өңірдегі меншікті тілшіміз Жасқыбек Кемал байланысқа шығуға дайын, Жақсыбек, тасқының беті қайтты ма?
Жақсыбек Кемал, тілші:
Облыста тасқынның беті қайтқан жоқ. Жағдай әсіресе, Ойыл ауданында қиын болып тұр. Кеше Берсиев, Қоғалы ауылдарының тұрғындары көшірілді. Енді Ырғыз ауданындағы төрт ауылға қауіп бар.
Су ортасында қалған ауылдардан тұрғындарды тікұшақпен шығаруға тура келді. Тасқынға қарсы жұмыстарға 3 мыңнан астам маман тартылды. Оның ішінде Маңғыстау, Алматы облыстарынан көмекке келген 72 құтқарушы бар. 647 бірлік техникадан бөлек, Қорғаныс министрлігінің алты тікұшағы да жұмылдырылды. Қазірге дейін облыс бойынша 753 үй мен 10 әлеуметтік нысан суға кетті. Одан бөлек 187 аула мен 99 саяжай үйлері зақымданған.
Қалдықыз Құдайбергенова, қала тұрғыны:
Бүкіл үйдің бәрі кетіп тұр, үйдің іші де кетіп тұр, бәрі де кетіп тұр. Көп балалы ана келінім. Көмек керек, енді не істейміз.
Ақтөбе қаласында екі жерде гумманитарлық көмек жинау пункті ашылды. Ол жерге тұрғындар мен кәсіпкерлер және еріктілер тасқыннан зардап шеккендерге азық-түлік, киім-кешек пен төсек орындар жеткізіп жатыр. Төтенше жағдай жарияланған аудандарда комиссиялар құрылып, материалдық шығындар есептеліп жатыр. Жедел штаб тәулік бойы жұмыс істеп тұр.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Ақтөбе суқоймасындағы судың деңгейі қалыпты нормаға түскен. Алайда Елек өзенінің жағасындағы үйлер әлі суда тұр. Шаһар билігі тасқынның зардабын жою жұмыстары басталғанын хабарлады.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
БҚО-да 59 мыңнан астам кәсіпкер еңбек етеді
11.09.2025, 20:28

Экономиканы әртараптандыру: Өңдеу өнеркәсібіне инвестиция тартылады
11.09.2025, 20:26
Биыл еліміздің мектептерінде ЖИ-ді үйрету бойынша қосымша сабақтар енгізілді
11.09.2025, 20:25
Өскеменде оқу бағдарламасы толық цифрлы жүйеге көшті
11.09.2025, 20:21
Халық бір палаталы Парламенттің тиімді, үнемді болатынына үмітті
11.09.2025, 20:21
Алматыға жарты жылда млн-нан аса турист келген
11.09.2025, 20:19
Маңғыстауда туризм саласында 2029 жылға дейін 19 жоба жүзеге асырылмақ
11.09.2025, 20:19
«Qazaq Digital Mektebi» жобасы білім сапасын арттырады
11.09.2025, 20:17