Атырау облысының су басу қаупі бар аумақтар әуеден тексерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысының су басу қаупі бар аумақтар әуеден тексерілді

30.03.2024

Атырау облысының су басу қаупі бар аумақтарына аэровизуалды тексеру жүргізілді. Қызылқоға ауданындағы Ойыл, Сағыз және Ноғайты өзеніндерінде су деңгейі тәулік сайын көтеріліп, 51 елдімекенге қауіп төндіріп тұр. Тасқынға тосқауыл қою үшін биылғы жұмыстарға жергілікті бюджеттен 2,4 млрд теңге бөлінген. Қазір Миялы ауылы маңында, айналма жол бойында, Сағыз-Миялы-Қарабау тасжолында қосымша су бөгеттері салынып жатыр. Тікұшақпен барлау барысында Қызылқоға ауданына келуі мүмкін судың мөлшерін анықтау үшін жақын маңдағы Ақтөбе облысының аумағы да тексерілді. Ал Атырау қаласында өткен 3 тәулікте жеке үйлердің ауласынан 40 мың текше метр су шығарылды. Толассыз жауған жаңбыр салдарынан облыс орталығындағы 300-ге тарта үйге су басу қаупі төнген.

Руслан Шариев, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

Қазгидромет болжамына сәйкес экстремалды қауіпті аймақта орналысып отырмыз. Біріншіден Ойыл, Сағыз, Ноғайты, одан бөлек Жеміміз бар. Бүгін бірінші эшелонымыз Қызылқоғаға жіберуді жоспарлап отырмыз. 20 қызметкерімізді 3 техникамен.

Нұрсұлтан Нұрсейіт


Хабарламаларға жазылу