Қостанай облысында ауыл тұрғындары құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында ауыл тұрғындары құтқарылды

28.03.2024

Қостанай облысының Жангелдин ауданына қарасты Көлқамыс ауылын қырдан келген қар суы басты. Тұрғындардың айтуынша, елдімекенді айнала 15 шақырым аумақ жер телегей теңізге айналған. Су деңгейі тез көтерілгені сонша адамдар қолдағы малды қауіпсіз жерге шығарып үлгермепті. Судың тереңдігі кей тұстарда бір метрге жуықтайды. Көлқамыста 40-қа тарта үй бар, 300-ден аса адам тұрады. Тасқынға тосқауыл қою әзір мүмкін емес. Сондықтан төтенше жағдай қызметі қазір адамдарды құтқарумен айналысып жатыр.

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу