Биыл бірінші тоқсанда елімізде 93 мың 500 бала дүниеге келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл бірінші тоқсанда елімізде 93 мың 500 бала дүниеге келді

16.05.2023

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биыл бірінші тоқсанда елімізде 93 мың 500 бала дүниеге келді. Оның ішінде 48 мыңнан астамы ұл бала, 45 мыңы қыз. Бала туудың ең жоғары көрсеткіші Маңғыстауда. Мұнан соң Түркістан, Шымкент қаласы тұр. Ал өлім-жітім Солтүстік Қазақстан облысында көп. Тізімді Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстары жалғайды. 1-сәуірдегі жағдай бойынша халық саны 19 млн 800 мыңнан асты. Оның ішінде қала тұрғындары – 12 млн, ауыл тұрғындары – 7 жарым миллионнан асады. 

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу