Қостанай облысында жолда қалғандар құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында жолда қалғандар құтқарылды

06.03.2023

Қостанай облысында бір апта ішінде 7 мәрте апаттық-құтқару операциясы жүргізіліп, жолда қалған 35 адам қауіпсіз жерге жеткізілді. Олардың 9-ы бала. Сондай-ақ Аманкелді ауданында мал қарауға шығып адасып кеткен бақташы әлі іздестіріліп жатыр. 19 жастағы азамат Қарасу ауылынан 12 шақырым жерден аман-есен табылды. Жалпы аймақта бір аптадан бері қатты жел соғып, қар аралас жаңбыр жауып, ауа райы оң қабақ танытпай тұр. Бүгін аудандық деңгейдегі жолдардың 8 бөлігі жабылды. 11 уақытша блок бекет қойып, 297 адамды паналатуға болатын 18 жылыту орталығы жасақталды.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу