Қостанай облысында зираттың қоршауын тонағандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында зираттың қоршауын тонағандар ұсталды

26.07.2022

Қостанай облысында моланың қоршауын тонағандар ұсталды. Оқиға Қостанай ауданына қарасты Октябрь ауылында болған. Зиратқа көлікпен кіріп, металл бұйымдарды бұзып алып жатқандарды ауыл тұрғындары байқап полицияға хабарлапты. Дереу жеткен жедел топ өкілдері екі күдіктіні ұстады. Олар 17 темір шарбақты қиратып, жүк көліктеріне тиеп қойыпты. Осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Авторы: Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу