Қостанай облысында жолда қалғандар құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында жолда қалғандар құтқарылды

01.02.2022

Қостанай облысында қар құрсауында қалған 6 адам құтқарылды. Олардың екеуі бала. Қайыңды ауылынан Арқалық қаласына бет алған көліктің жолда қалғаны туралы хабар төтенше жағдай қызметіне таңғы сағат 04:30 кезінде түскен. Тура 3 сағаттан соң оқиға орнында болған құтқарушылар көліктегілердің бәрін қауіпсіз жерге жеткізді. Зардап шеккендер жоқ.

Сонымен қатар Мирный ауылынан жүкті әйелді Арқалықтағы ауруханаға жедел апару қажеттілігі туындаған. Ауа райының қолайсыздығына байланысты медицина қызметкрелері құтқарушылар көмегіне жүгініп, әйел адам қалалық ауруханаға дер кезінде жеткізілді.


Хабарламаларға жазылу