Гаитидың Премьер-министрі отставкаға кететінін мәлімдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гаитидың Премьер-министрі отставкаға кететінін мәлімдеді

12.03.2024

Қарулы топтар басып алған Гаитиде тәртіпсіздіктер өршіді. Премьер-министр Ариэль Анри отставкаға кететінін мәлімдеді. Қарулы топ мүшелері осыны талап еткен еді. Қазір ел астанасы Порт-о-Пренс аумағының 80 пайызы қылмыскерлердің бақылауында. Полиция қызметкерлері сан жағынан қарулы топ мүшелерінен әлдеқайда аз. Көшеде тонау, атыс, өрт көбейген. Тұрғындар далаға шығуға қорқады. Гаитидегі жағдай өткен аптада түрмеден 4 мыңға жуық тұтқын қашып шыққаннан кейін, қиындады. Мұндағы тәртіпсіздіктер Кариб аймағы елдері мен АҚШ үшін басты мәселеге айналып отыр. Бүгін көршілес Ямайкада Кариб қауымдастығы елдерінің саммитті өтті.

АҚШ Гаити тұрғындарына 33 миллион доллар көлемінде гуманитарлық көмек бөлетінін мәлімдеді. БҰҰ бұл елдегі қарулы топтармен күреске шұғыл әрекет ету күштерін жіберу жоспарын қолдады. Бірақ ол қашан жүзеге асатыны белгісіз.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу