Бүгін кешкі сағат 21:25-те Ұлттық арнада «Жат бауыр» телехикаясының екінші маусымы басталады. Бұл сериал бірінші маусымда көрерменның көзайымына айналған. Шығармашылық ұжым бұл жолы екі есе дайындықпен келді. Сан алуан локация, шытырман оқиғалар, күрделі образдар және жаңартылған актерлік құрам бар. Бұдан бөлек, екінші маусымда көрермен кейіпкерлерді басқа қырынан танып, таңдануы тиіс.
Толқын Сейдоллақызы «Жат бауыр» телехикаясының бас продюсері:
Жат бауыр телехикаясында өмір бар, тағдыр бар, қуаныш бар, сатқындық бар, сағыныш бар, махаббат бар, достық бар. Жалпы, отбасылық драма.
«Жат бауыр» телехикаясының екінші маусымы бүгіннен бастап,дүйсенбі-жұма күндері аралығында кешкі сағат 21.25-те көрсетіледі.
Жалпы,«Қазақстан» телерадиокорпорациясы өндірген сериалдар 20-ға жуық шет елдің телеарналарына және онлайн платформаларына сатылды. Бөлімі 1000-нан асатын 50 телехикая өзге тілдерде көрсетілді. Жыл сайын 160-180 бөлімге дейін 10-13 телехикая түсіріледі. Өткен жылы отандық телеарналарда көрсетілген TOP-10 телехикаяның 8-і «Qazaqstan» телеарнасының өнімі. Биыл 162 бөлімнен тұратын 12 телехикая түсіру жоспарланып отыр.