Астанада Мәжілістің жалпы отырысы басталды
Астанада Мәжілістің пленарлық отырысы басталды. Бүгін депутаттар алдағы үш жылға арналған республикалық бюджетті
қарайды. Барлық саланың кірісі мен шығыны қаралмақ.
Келер жылы ел қазынасына
түсетін қаржы 4,5 трлн теңгеге артып, 19 трлн теңгеден асады. Министрлік осындай
жоспар түзген. Ал жалпы ішкі өнім 230
триллион теңгеге ұлғаяды деп көзделіп отыр. Үкімет инфляцияны да тежейміз
дейді. Қазіргі 12%-дан екі жылда 7%-ға дейін төмендетуге күш салмақ. Бастысы -
бюджет кірісінің 83%-ын ел өз табысынан толтырады. Қалғаны трансферттер
есебінен жабылмақ. Осылайша экономика алдағы үш жылда орта есеппен 5,3
процентке өседі деген ауқымды жоспар бар. Бірақ бұған дейінгі бюджет жобасы
10 рет түзетіліп, Мәжіліс төрағасы мұндай салғырттықтың мүлде болмауы
керектігін қатаң ескерткені есте.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
