Трамп пен Путин жақын арада кездеспейді
Трамп пен Путин жақын арада кездеспейді. Ақ үйдің ресми өкілі таяу күндері екі ел басшыларының тікелей кездесуі жоспарланбағанын хабарлады. Трамп өткен аптада Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, өте нәтижелі пікір алмасу болғанын айтқан еді. Әрі алдағы уақытта Венгрия астанасы Будапештте кездесіп, соғысты тоқтату жайын талқылаймыз деп мәлімдеген. Алайда нақты күн әлі белгіленген жоқ. Кремль өкілі Дмитрий Песков та мұндай жоғары деңгейдегі кездесуді өткізу үшін айтарлықтай дайындық қажет деген. Тіпті, министрлер деңгейінде кездесулер өтпейтін болды. Бұған дейін АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мен Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров та телефон арқылы сөйлескеннен кейін АҚШ дипломаты әзірге бетпе-бет жүздесудің қажеттілігі жоқтығын меңзеген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
