Басты Жаңалықтар Шымкентте Республика күніне орай ерекше челлендж өтті

Шымкентте Республика күніне орай ерекше челлендж өтті

Шымкентте Республика күніне орай ерекше челлендж өтті. Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің жүз студенті бір мезетте «Балбырауын» күйін орындады. Домбыра үнімен өрілген бұл сәт жастардың ұлттық өнерге деген ықыласын көрсетіп, мерекенің рухын айшықтады. Жүз домбыраның үнін тоғыстырған орындау – Республика күніне арналған ерекше тарту болды.

Салтанат Маралқызы, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-дың мәдениет бөлімінің басшысы:

Біздің оқу ордамызда «Мұра» ұлттық шығармашылық орталығы жұмыс жасайды. Бұл орталықта домбыра үйірмесі де қарастырылыған. Кез-келген біздің білім алушымыз келіп сол жерде домбыра үйірмесіне қатыса алады. Біз осы челленджі жалпы республикамыздағы барлық білім ошақтарына, университеттеріне жолдаймыз.

Бөлісу