Димаш Құдайберген БҰҰ-ның ізгі ниет елшісі атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Димаш Құдайберген БҰҰ-ның ізгі ниет елшісі атанды

16.02.2024

Әлемге аты әйгілі Димаш Құдайберген БҰҰ көші-қон ісі жөніндегі ізгі ниет елшісі атанды. Ол «ізгі ниетті елшісі ретінде мигранттардың құқығын қорғайтынымды мақтан тұтамын. Әр адамның құқығы қорғалған және мүмкіндіктерге ашық әлем үшін бірігейік», - деді. Халықаралық көші-қон ұйымы әртістер, суретшілер, спортшы және басқа да белгілі тұлғалардан тұратын тоғыз ізгі ниет елшісін тағайындаған. Ізгі ниет елшілері көші-қон мүмкіндіктеріне қолдау көрсетіп, әлем бойынша таланттардың танылуына ықпал етеді. Айта кетейік, халықаралық көші-қон ұйымы – көші-қон саласындағы жетекші үкіметаралық ұйым.

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу