Димаш америкалық көрермендердің сүйіспеншілігіне бөленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Димаш америкалық көрермендердің сүйіспеншілігіне бөленді

29.10.2019

Димаш Құдайберген америкалық өнерсүйер қауымның қошеметіне бөленді. Ол Нью-Йоркте ресейлік композитор Игорь Крутойдың кешінде ән шырқады. Мерейтойлық концертте көрші елдің көптеген танымал әншісі болғанымен, халық Димашты ыстық ықыласпен қарсы алып, ерекше қошемет көрсетті.  

Димаш Нью-Йоркке сапары барысында Біріккен Ұлттар Ұйымының кеңсесінде де болды. Сондай-ақ, ол — АҚШ-тағы қазақстандық дипломаттармен және олардың отбасымен кездесті. Отандастарымызды танымал әншінің қарапайымдылығы мен балаларға деген жылы қарым-қатынасы сүйсіндірді. Айта кетейік, Димаштың АҚШ-тағы жеке концерті 10 желтоқсанда Barclays Center (Барклэйс центр) орталығында өтеді. Концерт залына 19 мың адам сияды.

Димаш Құдайберген, әнші:

ООН-ның басты залында болдық. Энергетикасы жағынан үлкен жүк сезіледі. Оны өз көзіммен көріп, келіп жатқаныма қуаныштымын.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу