Димаш Құдайберген «Singer-2017» байқауының үшінші кезеңінде де үздіктер қатарында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Димаш Құдайберген «Singer-2017» байқауының үшінші кезеңінде де үздіктер қатарында

04.02.2017
Димаш Құдайберген «Singer-2017» байқауының үшінші кезеңінде де үздіктер қатарында

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген «I am a singer» байқауының үшінші кезеңінде үшінші орын иеленді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы меншікті тілшісі «Minnanwang» вебпорталына сілтемемен.

«Эфирден бұрын хабарлаймыз, Тань Цзин «Ынтызарлық» әнін түпнұсқадан да мықты орындап, бірінші орын алды. Ол осылайша көпшіліктің қолдауына ие болып келе жатқан Димаштан да басым түсті», деп хабарлайды портал.

Ал Чжао Лэй «Чэнду» атты халық әнін орындап, екінші орынға табан тіреді. Ал Димаш - үшінші және Чжан Цзе - төртінші тұр.

Димаш Құдайберген Queen тобының «Show must go on» әнін орындады. Басқа да байқау қатысушылар секілді Димаш та сахнаға гитарашылармен бірге шықты.

Айта кетейік, бірінші және екінші кезеңдерде Димаш бірінші орын алған болатын. 

inform.kz 

Хабарламаларға жазылу