Жамбылда жедел жәрдем көліктері берілді
Жамбылда жедел-жәрдем көліктерінің 50 пайызға жуығының тозығы жеткен. Жалпы өңірде алғашқы көмек көрсетуге 235 көлік шықса, оның 112-сі ескірген. Тіпті кейбір ауылдарда жедел жәрдем көлігі атымен жоқ. Әсіресе Мойынқұм, Сарысу, Талас аудандарының шалғай елдімекендері. Ұзақ жылдар бойы шешімін таппай келген мәселені жергілікті билік Президенттің «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы тапсырмасынан кейін қолға ала бастады. Облыстағы 10 ауданның орталық ауруханаларына 40 көліктің кілті табысталды. Ал жыл соңына дейін тағы 30 көлік беру жоспарланып отыр.
Жанар Оспанова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
Бұл біздің медицниалық қызметтің сапасын жоғарылатуға үлкен әсерін тигізеді және халқымыздың денсаулығын қорғауға жақсы әсерін тигізеді. Шұғыл жағдайларда өлім қаупінен сақтап қалуға да оң мәнін тигізеді деген ниетіміз бар.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем чемпионаты: 6 спортшымыз келесі кезеңге өтті
11.09.2025, 10:21

Таза қала – бәрімізге ортақ жауапкершілік
11.09.2025, 10:20
Жолдау: Жасанды интеллект – жаһандық бәсекенің жаңа алаңы
11.09.2025, 10:18
Қандастар: Атажұрттағы әр жетістікке қуанамыз
11.09.2025, 10:14
Астанада «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында 23 мектеп бой көтерді
11.09.2025, 10:13
«Ауыл» партиясы Президент Жолдауына қолдау білдірді
11.09.2025, 10:11
Цифрландыру – заман талабы
11.09.2025, 10:08
Францияда 200 мың адам қатысқан шеру өтті
11.09.2025, 10:08