Байденге құпия құжаттарды сақтау ережесін бұзғаны үшін қылмыстық іс қозғалмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Байденге құпия құжаттарды сақтау ережесін бұзғаны үшін қылмыстық іс қозғалмайды

09.02.2024

АҚШ Президенті Джо Байденге құпия құжаттарды сақтау ережесін бұзғаны үшін қылмыстық іс қозғалмайды. Мұны елдің әділет министрлігі мәлім етті. Ақ үй басшысы былтыр жасырын құжаттарды үйінде сақтағаны анықталған еді. Бұл іске қатысты қазан айында жүргізілген тергеуде Байден тиісті органдардың сұрақтарына жауап берді. Әңгімелесуден кейінгі баяндамасында арнайы прокурор кеңсесі президенттің есте сақтау қабілеті нашар деп мәлімдеді. Ал Байден бұған шамданды. Журналисттермен өткен брифингте, Ақ үй басшысы арнайы прокурордың ескертулерін сынға алып, есте сақтау қабілеті жақсы екенін мәлімдеді. Бұған қоса, баяндамада айтылған мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын айтты.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу